bookmate game

Төлен Әбдік

  • merwerthar citeretfor 2 år siden
    Кейде адам тағдырына кездейсоқ, қапияда санаңнан тыс айтылған сөздердің әміршілік ететіні бар ғой.)
  • b3758543645har citeretfor 2 år siden
    берген мені тоқтатып, өзіне бұрды да, мойнымнан құшақтай алды. Мен ерніме жұп-жұмсақ, дымқыл еріннің тигенін сездім. Құдай-ау, не деген жұп-жұмсақ, нәзік ерін. Мен Алманың талдырмаш денесін құшақтап,
  • Акнур Абиловаhar citeretfor 2 år siden
    ең үлкен жалғыз сәттіліктен кейін, қалған сәтсіздіктің бәріне де төзуге болады. Қиыншылықты жеңудің ең бір үлкен құралы - төзім. Төзе білсең, барлық азап атаулының жүзі мұқалып, майырылып, өтпей қалады. Мәселен, біреу мойныңа 10 кг тас байлап қойса, 20 кг тас байланбағанына шүкіршілік қылып, жаңағы күйіңді бақытты халге айналдырып жіберуге болар ма еді.
  • akopayhar citeretfor 2 år siden
    - Мен, мінеки, бірнеше ай бойы қатарынан көз жазбай бақылап келемін, - дедім жүрегім дүрсілдеп, дегбірімнің қашып тұрғанын сездірмеуге тырысып. - Басқа ешқандай амал қалған жоқ... Егер олай жасамасақ, осы екі-үш күннің ішінде қыздың өзін-өзі өлтіріп тынатынына кепіл боламын...
  • akopayhar citeretfor 2 år siden
    - Ана қыз өліп қалды ғой,- деді ақырын ғана.
  • akopayhar citeretfor 2 år siden
    Өзін-өзі (япыр-ау) өлтіріп тынатынына (ұйып қалған шекемді ұстадым) кепіл боламын..." (Мен екем ғой өлтірген... Мен ғой...)
  • akopayhar citeretfor 2 år siden
    Мен өзімнің пышақ ұстап тұрған оң қолыма үрейлене қарадым.
  • merwerthar citeretfor 2 år siden
    Егер дүниедегі бар зиянкестікті тексерер болсақ, солардың бәрін жындылар емес, сау адамдар жасаған ғой.
  • merwerthar citeretfor 2 år siden
    Дүниедегі ең қиын зат жалғыздық қой. Төңірегіңде іштегі қайғың мен қуанышыңды өзіңмен бөлісе алатын жан серік адамдар барда тірліктің де, өлімнің де бір мағынасы болуы хақ. Бұдан рас, өлімнің салмағы жеңілдеп кетпейді. Өлім қашан да қорқынышты. Бірақ сенің өлімнен қашып, тіршілікке ынтығуыңның өзі сол тіршіліктің мағынасы барын дәлелдейді. Ал жер бетінде бүкіл тіршілік атаулы жойылып, әлемде жалғыз қалған бір сәтіңді елестетіп көрші. Мұндайда өлім қорқынышты емес, керісінше, тірлігің қорқынышты болмақ.
  • merwerthar citeretfor 2 år siden
    Айтып беруге келмейтін, ең бір құпия, беймәлім әсер - сұлулық әсері. Біз өзіміздің бүкіл моралімізді адамның тән сұлулығынан жан сұлулығын жоғары қоюға негіздесек те, өмірде сол тән сұлулығымен бетпе-бет келіп қалған кезде өзіміздің әлгі қағидамызды қалай бұзып кеткенімізді білмей қаламыз. Өз еркімізбен ақылы аз болса да сұлу әйелдерге үйленуге дайынбыз, бірақ ақылға бай, көріксіз әйелдерге жолағымыз келмейді. Санамызды жабайы инстинкт секілді бір әуей күш жеңіп кетеді. Біз ең осал жерінен қолға түсіп, тырп ете алмай қалған аңға ұқсаймыз. Ендеше сұлулықтың әлі де зерттелмеген немесе біле тұрып, айтқымыз келмейтін бір сырлары болуы мүмкін...
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)