Шыңғыс Айтматов

  • b0650894280har citeretfor 2 år siden
    тірі өлік баласын жоқтап тұрып, қара күйік пен қасірет- қайғының запыранын жұтып тұрып, Найман-Ана былай деп бекер айтпаған да: “О, құлыным, сенің басыңа көн қаптап, темір қысқышпен жаңғақ шаққандай етіп, шығыр салып бұрап, ақыл-есіңнен айырғанда, басыңды құрсаулап қойып қысқанда, үрейлі көзің шарасынан шыға қанды су аққанда, Сарыөзектің түтінсіз жалынында қақталып, ажал аузында ындының құрып жатқаныңда, кезерген ерніңе аспаннан бір тамшы тамбағанда, о, құлыным, саған сонда күллі әлемге тіршілік беруші Күнді сен қарғаған жоқ па екенсің? Сонда саған жарық Күн Дүние-Әлемдегі шамшырақ жұлдыздардың ішіндегі ең қап-қара дүлейі, көзсіз соқыры болып көрінген жоқ па екен?
  • b0650894280har citeretfor 2 år siden
    Едігенің көкейге бір түйгені: адамның адам баласына деген ең үлкен жақсылығы – өз отбасыңда көргенді, білікті ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Балаңды біреу асырап, біреу бақпасын, шамаң келсе, бауырыңнан ажыратпай күнбе-күн, бірте-бірте бала бойына адамгершіліктің, азаматтықтың нәрін дарыта бер, дарыта бер.
  • Назгүлhar citeretfor 2 år siden
    Ұшпа қарды иреңдете қуалаған желдің ызыңы болар-болмас естіледі. Боран болатын түрі бар. Сарыөзектің түнек аспаны дауыл толғатып, астан-кестеңі шыққалы тұр. Анда-санда бұлт арасынан шел көздей ағараңдап, өліктей бозарып, жападан-жалғыз жылжып, ай көрініп қалады. Аяз бетті шымшылайды.
  • Назгүлhar citeretfor 2 år siden
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетт
  • Назгүлhar citeretfor 2 år siden
    Бір топшылағаным, Жайнақ соғысты сүйіп қызығып кеткен жоқ, ол оны жек көргені үшін, соғыстың елге тигізген кесірі жанына қатты батып, қолына қару алғалы кетті.
  • Indira Seitmaganbetovahar citeretsidste år
    құлаққа ұрған танадай
  • Indira Seitmaganbetovahar citeretsidste år
    қызмет атқару, аса ірі жаңалық ашу міндетін жүктеді
  • Indira Seitmaganbetovahar citeretsidste år
    Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады..
  • b0650894280har citeretfor 2 år siden
    Сұңғыла Елизаров бұл араны Сарыөзектің пантеоны
  • b0650894280har citeretfor 2 år siden
    Сонда Найман-Ана сұрақты тыйып, енді әлгі бейбақ ұлына жөн- жосықты сөзбен жеткізбек болған ғой. – Сенің атың – Жоламан. Естимісің сен? Сен – Жоламансың. Әкеңнің аты Дөненбай. Әкеңді ұмытып қалдың ба, құлыным? Ол саған титтейіңнен садақ атуды үйретіп еді ғой. Мен сенің анаңмын. Сен менің баламсың. Сен найман руынан боласың, ұқтың ба? Наймансың сен
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)