kk
Gratis
Сәбит Мұқанов

Жарқын жұлдыздар. І

204 trykte sider
Har du allerede læst den? Hvad synes du om den?
👍👎

Vurderinger

  • Arhun Arhunushar delt en vurderingfor 7 år siden
    👍Værd at læse

    Шоқанның ұсазы Костылевский

Citater

  • Arhun Arhunushar citeretfor 7 år siden
    «Мен Аякөзді өте сүйем,– дейді Шоқан,– және оныма мақтанам, себебі: сұлу Баянның алтын шашты Қозы Көрпешке ғашық болуы туралы жасалған поэтикалық ғажап ертегі осы өзеннің жағасында туған, сондықтан менің олар жатқан күмбезді іздеуім аз себеп емес. Екінші номерлі, бекет (қазыналық қосалқы орындар.–С. М.) тұсында, біз өзеннің оң жағына өттік. Мезгіл түн еді. Содан он шақырым жердегі төртінші бекетке жетпей, қазақтың атақты поэмасының геройлары: Қозы Көрпеш пен Баянның моласы бар. Біз бұл поэмамен өте жақсы танысып, қадағалай зерттеп ек, сондықтан геройлардың моласын әдейі көргіміз келді. Екінші бекеттен шыққаннан кейін, біз түнде Қызылқи бекеті арқылы жүрмек ек. Ойымыз»–күмбез қасында тоқтап таң атқан соң шай ішу болды. Жолаушылап жүргенде, ескі жұрттарда немесе зираттар арасында отырып сусындау рақат нәрсе. Өткенді еске түсіріп, жаңаның қамын ойлау қандай жақсы. Көшірге біз молаға тан, атып, күн шыға жет деп тапсырған едік, өйткені боз торғай жаңа шырылдай бастаған шақта, бір жағың әлі де қарауыта көрініп, бұлт солтүстікке ауа бастаған шақта, екінші жағыңнан қызара тан, атып, күн шыға бастаған шақта, оның алтын шұғыласы ағаштардың басын шала бастаған шақта, судың да беті сиқырлы түстерімен жыбырлай бастаған шақта, осынша поэзиялық мезгілде, ғашықтар моласының қасында отыру керемет қой!.. «Адам түзесе, құдай бұзады» деген мақал расқа келді. Сіркіреген жауын, түні бойы тарантастың шатырына тырсылдаудан тынбады. Сазға толарсақтаған аттар аяңға әрең жарады. Бір дыбыспен сорғалаған жауынның дыбысын шаршаған аттардың пысқырынуы мен атшының оларды айдаған шыбыртқысының ысылдауы ғана бөлді. Түн де жаман. Жүріс те жаман. «Ойлаған мақсатқа жете алмаймыз ба?» деген Қауіппен, атшыға: «Ашылар түрі бар ма?»–десем, қара бақайына дейін малшынған ашулы атшы: «Жоқ! –деп қоңқ ете қалады да, тағдырына наразы болғандай, етегіне жиналған суды сілкіп қойып, «міне, ауа!..» дейді. Егер жылдам жүре алсақ, бекеттің пешіне шығып, әлдеқашан бырылдап ұйықтап жататын атшыны іштей аяймын. Сұлу Баянның аруағын да аяймын... Біз бір сағаттай жүрдік. Бір сәтте атшы:
    – Туысы ардақтым, молаға келдік,– деді маған.
    Арбадан басымды сұқсам, бозамық түсті күн көзі бұлт арасынан жылтырайды, аспанды ақшыл бұлт түгел қоршап алған, жаңбыр әлі төпеп тұр, ақ көбік болған аттар шақатты сазда аяғын әрең алып жүреді. Өзеннің ар жағынан биік шынарлар, олардың арасынан моланың сүйір төбесі көрінеді, мола жырақтан қызыл кірпіштен қаланған сияқтанады. Бұндай жағдайда мола жанында шай ішу, қазақ ескілігін дұрыстап көру мүмкін емес...
    – Өзеннің суы да молайған сияқты, өткел бере қоймас,– деді атшы, менің ойымды жорамалдағандай.
    – Жөніңе жүре бер,– дедім мен,– қайтарда көрерміз. Соны айттым да, тонымды басыма бүркей түсіп, қалғу мақсатымен, оң жағыма жантая кеттім...» (1958 жыл, 238- 240 беттер).
  • Arhun Arhunushar citeretfor 7 år siden
    Шоқанның бір жақсы қылығы – көңіл бөлген нәрсесінің бәрін, бақайшағына шейін шағып білмей тынбауы. Мысалы, қазақта күні бүгінге дейін айтылатын «Ала тайдай бүлдірді» деген мәтел бар. Шоқан осы сөзге де көңіл бөліп, не себепті шығуын табады.
    «Бұл аңыздың жайын маған қалмақ түсіндірді,– дейді Шоқан,– Құлжада мен ойроттың ескі жырларын көп білетін қартпен кездестім. Ол маған Хо-Урлуктың ноғайларды және қазақтарды қалай жеңуі туралы көптеген аңыздар айтып берді. Бұл туралы айтылатын қазақ жырлары мейлінше қайғылы да, қалмақ жырлары мейлінше шат. Осы жырлардан мен жоғарыға айтылатын мәтелдің кілтін таптым. Үрейлі ноғайлар («қазақ» мағынасында.– С. М.) күн сайын қалмақ тарапынан шабуыл күтеді. Қалмақтар ноғайлардың күшінен сескеніп, шабуға бата алмайды. Бір күні түнде, ноғай ұлысы жатқан жерде, байлауда тұрған бір ала тай шешіліп кетеді де, үйіріне шабады. Күзеттегі ноғайлар ала тайды жауға жорып «аттан» салғанда, ұйқыдағылары шошып оянып, есеңгірегендер не болғанын білмей, жерін, малын, мүлкін тастай қашады. Қалмақтың хұнтайшасы (бегі) мұны пайдаланады да, жерін басып қалады. Содан бері бұл ара қалмақ жері боп қала береді. «Ала тайдай бүлдірді» деген сол».
  • Arhun Arhunushar citeretfor 7 år siden
    «Қытайдың әкімдері мен бектері халыққа күштері келмейтін салық салатындықтан,– деп дәлелдейді Шоқан ұйғырлардың отаншылдық өлеңдеріне қытайлар қанша тыйым салғанмен бәсеңдемеу себебіне тоқталып,– заңсыз талауға ұшырататындықтан, алдап та жейтіндіктен. Алты шәһәрдің адамдары (ұйғырлар.–С. М.) қытайларды да (әкімдерді.–С. М.) өз арасынан шыққан чиновниктерді де жаны түршіге жек көреді. Қытайлар (әкімдер.–С. М.) оларды өздеріне тартуға тиісті еді, бірақ оны істемейді. Жан-жағынан бәрін жау көретін қытайлар ашуын халыққа төгеді. Оны амалсыз көтеретін халық, кек алатын күнді– қожалардың (көтерілісті бастаушылардың деген мағынада.– С. М.) келуін күтеді... Ал қытайлар әрбір көтерілісті басқаннан кейін құтырынып алады да, халықты талан-таражға ұшыратады, әйелдерін зорлайды, мешіттерін қиратады, жазалайды, сөйтіп кедей сорлылардың үрейін ұшырады. Ал азды-көпті ықпалы бар адамдарды (байлар, бектер, діншілдер.–С. М.) қытайлар бүліншілікке қатынасса да жазаламайды, оларды бұрынғы қызметінде қалдырады, дәрежесін есіретін топтар (қытай әкімінің дәрежесіне қарай киім түстері өзгеше болады.– С. М.) береді

På boghylderne

  • Сандугаш Бакаева
    Шоқан
    • 1
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)