Әзілхан Нұршайықов

Ақиқат пен аңыз

  • Арман Мейрамбекұлыhar citeretfor 9 år siden
    жаз жиырма бесі мен күз жиырма бесінің жалыны
    бірдей болмайды екен. Жаздың мұндай күндерінде шолақ жең көйлек киген көше
    жаяулары жандарына сая таппай дедектейтін еді. Қазір де көйлекшендер көп
    кездескенімен, бірсыпыра жұрт иықтарына костюм іліпті, бәрі де аяқтарын асықпай
    басатын болыпты.
    Күн әлі де едәуір ыстық болғанымен, сары күздің келгенін сары ала жапырақтар
    айқын анғартқандай еді. Төбеден төмен қарай қалықтай құлаған
  • b4848678814har citeretfor 2 år siden
    Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. Олардың өлмеуі үшін, өз ұрпақтарын, өз халықтарының намысын, оның өздері сүйетін асыл қасиеттерін аман сақтап қалу үшін жұмсадым. Өзім де жаным арымның садағасы, халқым үшін қасықтай қаным пида деп, жанып тұрған отқа талай түстім. Мен соғыс кезінде «Красная звезда» газетіне былай жазғанмын: «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам опасыз, оңбаған адам» дегенмін. Сол сөзімді әлі де қайталаймын. Өйткені, Энгельс айтқандай, өз елінің бағасын білген адам ғана басқа елді қадірлей алады. Өйткені халықтардың туыстығы алдымен адамдардың өз халқына сүйіспеншілігі арқылы ғана келеді. Мен өзге ұлттарды құрметтеуші, өз ұлтын сүюші адаммын. Мен нацизмның туын көтерген фашизмге қарсы жан аямай күрескен кісімін. Мен Гитлердің нацист армиясына қарсы қол бастаған адамдардың бірімін. Мен фашистерді жан-тәніммен жек көріп соғыстым. Мен Советтік Отанымды жан-тәніммен жақсы көріп соғыстым. Осы екеуін де, жауға деген өшпенділік пен Отанға деген сүйіспеншілікті айтамын, мен қол астымдағы әр жауынгердің, әр командирдің жүрегіне ектім!
  • araycompanyhar citeretfor 11 år siden
    тұрады екен, 6 бөлмелі үйім, бау-бақшам бар деп бөсіп отырды. Сол келіп, Алматы мені алақанына салып қарсы алмады деп өзінен-өзі маған өкпе соқты. - Бектің кітабында да мен жоқпын, сенің кітабында да менің атым жоқ, сендер мені неге жазбайсыңдар осы? Мен оған жайлап жауап бердім. - Константин Николаевич, сіздің де ерлігіңізді жазатын бір жазушы туар әлі. Атақты «Война и мирдің» 1812 жылғы отан соғысы біткеннен кейін неше жылдан соң жарыққа шыққанын білесіз бе? - Білмеймін, білгім де келмейді, - деп бақырды ол. - Барлық документ менің қолымнан өткен. Міне, оның бәрі мына жерде, басымда,-деп ол маңдайын түрткіледі. - Сендер жазбасандар, өзім жазамын. - Сіздің басыңыздағы «документтер» ресми мәлімет ақпарлар ғана ғой, - дедім мен. - Кітап жазу үшін қағазға түскен хабарлар және оның сіздің басыңызда қалғаны жеткіліксіз мағлұматтар. Оның үстіне солдаттардың жанын, жүрегін білуіңіз керек. Кітап үшін ең қажетті мәліметтер осы. Мұндай мәліметгеріңіз мол болса, сіз жазасыз, әрине, - дедім сабырлы түрде. VII Осы кезде Бауыржанның оң жағындағы орындықта отырған кішкентай қыз талпына ұмтылып, оның колындағы шанышкысын алды. - Бұл немере ме, Бауке? - деп сұрадым.
  • Алиhar citeretfor 12 år siden
    - Кіріңіз. Кірсем, есіктің дәл қарсысында кухня бар екен. Соның төрінде таңертеңгі шай үстелінің басында, ескі әскери кительді иығына желбегей жамылған, үстіне қайырма жағалы, омырауы ашық, сарғыш түсті кейлек, жолақты жұқа шалбар, аяғына жасыл тапочка киген Бауыржан отыр екен. Үстел басында еңсесін тік ұстап, еті қашқан иегін сәл көтере түсіп, сырттан кірген кім екен деп, есікке тесірейе қарап отырған ол бір сәт маған шығыңқылау бет сүйегін, суалыңқылау ұртын, салбыраңқы мұртын, кісіге тайсалмай тіке қарайтын, қарағанда жанарынан ұсақ-ұсақ ине шашырап жатқандай боп көрінетін сәл қысықтау көзін, қара жартастай қасқиып тік жажан мандайды шимайлаған жол-жол әжімдерін әлдебір шебер қол гранитке айқындай қашап, айнытпай түсірген аса бір сұсты, сол сұстылығымен тартымды көрінетін тас мүсінге ұксап кетті.
  • b4285600981har citeretsidste år
    «Бір көрген — біліс, екі көрген — таныс
  • b9900531557har citeretfor 2 år siden
    Олар мыңдаған совет адамдарын тірідей көрге көмді. Ондаған мың жазықсыз жандарды газ пештерінде тұншықтырып өлтірді. Сан мың адамды тұтқын лагерлерінде аштан қырды. Миллиондаған ата-аналар, әйелдер, сәбилер, қарттар өмірде бірақ рет кездесетін ең асыл қазынасынан: ұл-қыздарынан, адал махаббатынан, әке-шешесінен, үрім-бұтағынан айрылып, қор боп еңіреніп, зар илеп қалды. Ақ, қара, сары шаштарын қалың ормандай жайып аңыраған аналардың ащы үндері дүниедегі ең азалы симфонияға айналып, қабат-қабат болып тарихтың қатпарына шөкті. Мұны ешқашан да ұмытуға болмайды! Ешқашан да! Понятно тебе?
  • b9900531557har citeretfor 2 år siden
    Сарыарқаның сарбаз ағаларының бірі сияқты еді.
    — Сіз туралы маған Иван Михайлович толық
  • b9900531557har citeretfor 2 år siden
    Міндет абыроймен орындалды деген сөз айтуға ғана оңай. Адамға абырой тыныштық күндерде тек термен, еңбекпен ғана келеді. Ал соғыста тер мен қан қоса төгіліп барып абыройға жетесің.
  • b9900531557har citeretfor 2 år siden
    Соғыс — бүгін қисапсыз қан төгіп, шексіз шығын болғанымен, кейінгі сабақ. Бүгінгі өлшеусіз өлім — болашаққа өлмеудің өнегесі.
  • b9900531557har citeretfor 2 år siden
    Соғыс — адамзат өмірінің улы трагедиясы. Соғыс — адам жанын қинайтын ең ауыр, ең ащы азап. Соғыс — тірілердің тамұғы. Тозаққа айналған күндер еді ғой ол, қарағым
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)