Мұхтар Әуезов

Еңлік - Кебек. 1943 жылғы нұсқа

  • сс Есhar citeretfor 2 år siden
    Кебек. Айтшы, не болды!? Неге тоқтады? Ұстап бермек болды ма?
  • AiymzhanBektasovahar citeretfor 2 år siden
    а-жалғыз қала береді. Сол кезде Жапал шығады. Еңліктерге үнсіз қарап үңіліп тұр. Екі иығы дірілдеп, үнсіз жас төгіп тұрғаны білінеді. Жай жылжып балаға келеді. Бір жақтан Абыз шыққан, ақ шапанды, ақ сақалды. Өзгеше тіксініп, тұла бойын өрт шалғандай боп келеді. Бұған дейінгі қанды уақиғаның эпилогі түрінде кетеді.

    Жапал. (Абызды көрмейді. Құндақтағы баланы көтеріп, бауырына алып). Сорлы қозым! Қошақаным! Жетпей қалған, жетім қалған, бауырым. Алдым сені бауырыма. Тастап кеткен. Елсіз, есіз далаға тастап кеткен тac бауырлар, бөрілер!

    Абыз (бір қабат ақ шапанын шешіп, өліктердің үстіне айқара жауып). Аһ, заман! Құшақтарың айқасып кеткен шерменделер!

    Жапал (айналып көріп, баланы көрсетіп). Көрші, көрші міне, қам-көңіл ата! Мынаны өлсін деп аш бөріге тастаған. Осы ма еді ел деген? Көріп пе едің аямасты, ататай?

    Абыз. Ата!.. Атамын мен аңыраған! Мен ата, сен немере! Бауырыңдағы шаранасы кеппестен шырылдап қалған шөбере! Бауырым өрт, үнім зар! Бауырым өрт, бетім жас... Ата, немере, шөбереміз — үш зарлық! Ел олар емес, ел бізбіз, ұлым, жан балам! Қара тастай қатал күндер ішінде туар, келер біздей толқын-толқын ата, бала, немере... алып кетсін, жазықсыздар аттарын сақтап өтсін... ақтап өтсін арыстарым арманын... «Жадыңда тұт, жасыма!.. Жадыңда тұт, жасыма» де, ес кіргенде (баланы нұсқап) бауырыңа... Бүгін мен өсиет еткендей, өсиет ет сен оған, шағың жетіп өлерде! Жадыңда тұт, жасыма десін арғыларға, ұрпаққа. Жадында тұт, жасыма, ұлым, елім шермендем!...

    Шымылдық
  • Inkar Ibragimhar citeretfor 2 år siden
    Оразаның түбіне мақсым жетер, азған елдің түбіне тақсыр жетер!
  • Аяулым Болатказиеваhar citeretfor 3 år siden
    Жапал.
    Шек-шек, шек-шек, шегенек!
    Мал ішінде көбелек.
    Тасты көрсең телмеңдеп!
    Жүгіресің жебелеп!
    Тынымы жоқ, тыныштық жоқ
    Құртты құйрық кебенек!
    (Құшырланып қайырады)
    Шек-шек, шек-шек, шегенек!
    Қош-қош, қош-қош, қошақан.
    Майлы құйрық момақан.
    Бөрі көрсе бор кемік.
    Бар буыны босаған
    Тауда тарлау, ойда өлең
    Тапса бойы жасаған
    Қош-қош, қош-қош, қошақан!
    (Биік тас басына шығады. Айналаға көз салып.)
    Шыңғыс! Қара қойтас қан
  • b9606655302har citeretfor 3 år siden
    «Жадыңда тұт, жасыма!..
  • b9606655302har citeretfor 3 år siden
    Қорқыныш жас жүрегін езген, сәулем.

    Мықты ұстап етегімнен, басын байлап,

    Қауіпті жапан түзді кезген, сәулем

    ...

  • b9606655302har citeretfor 3 år siden
    Бір мен деп ата-анадан безген, сәулем
  • b9606655302har citeretfor 3 år siden
    Ер жігіттің жесірін өзіңдей жігіт алса, еркек болып туған ұл өз кегін өзі алушы еді. Рулы ел болып тайлы таяғын қалдырмай шұбырып жүріп, жас жігітке қатын әперген жоқ еді.
  • b4893106714har citeretfor 3 år siden
    Ата-ана әлпештеген баласымын,
    Көзінің ағы менен қарасымын.
    Аға жоқ, бауыр да жоқ, жалғыз басым,
    Кәрілер сүйеу көрген дарасымын...
  • b4096004144har citeretfor 5 år siden
    Абыз. Батыр десем... белге шықпай ойда ойнақшыр бейпіл ме ең. Азамат десем ауыл үйдің тентегі ме ең? Мақтамаймын Кебекті, құптамаймын сені де. Кегім десем - зықымды алған зұңғарды айтсам не етуші еді?

    Ашуды айтсам, Ақтабан-шұбырынды ма еді ұмытарым, тастарым. Елдігім қайда сондағы? Қусам соны қусамшы. Кесескенім Кебек болса ертсемші сол жолға, салыссамшы, жарыссамшы сол жауға қарсы сілтеген қайқы қара жолында... Елің үшін ермесе, сонда алсаңшы бар есеңді. Төңірегіңді торыған жатты көрмей, жағаласар жауың жақының бопты. Жарқыным, мен емес ертер серігің!
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)