Jack London

Әйел қырық жанды

  • Тогжан Ахметоваhar citeretfor 5 år siden
    Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар.
  • アセマAssemahar citeretfor 4 år siden
    Осалдықтың бірінші белгісі ─ көпірме сөз екенін, ал шын мықтылар үлкен істі үнсіз тындыратынын
  • Расул Жаскайратулыhar citeretfor 5 år siden
    Міне, достар Бұғылы тауда мәңгіге мұз жастанып қалған Пассуктың махаббаты осындай болған. Бұл ұлы махаббат еді. Көрдіңдер ме, өмір бойы азапты жолмен сүйреп-сүйреп келіп, ең ақырында басын құрдымға тіреген күйеуі үшін ол, әне, туған ағасын құрбан етті ғой! Махаббатының күштілігі сондай, ол тіпті өзін де аяп қалған жоқ. Көз жұмарынан сәл бұрын ол менің қолымды өзіне тартып, қоян терісінен тігілген белдемшесінің ішіне қарай жылжытқан. Сол сәтте саусақтарым ішіне қарай қатты тартып тастаған киінірек бір қапшықка іліккен. Бірден түсіне қойдым. Бейшара Пассук күн сайын екеуіміз тең бөлісіп жүрген тамақтың өзіне тиесілі жартысын ылғи да сол қапшыққа тыға берген ғой. Сонда кімге дейсің? Әрине, маған.

    ─ Пассуктың жолы осымен бітті, міне, ─ деді Пассук құлақ түбімнен. ─ Ал сенің жолың біткен жоқ, ол жол әйгілі Чилкут асуынан асып, талай-талай қырқа-белдерді басып, сонау теңіз жағасындағы Хейне миссиясына қарай жалғаса береді. Ол одан кейін де бітіп қалмайды, бір қиырдан бір қиырға құлаш ұрып, мың бұралып. жат елдерге, жарқын күндерге ұмтылады; бұл жолда сені ұзақ ғұмыр, үлкен құрмет, зор даңқтар күтіп тұрады. Ол сені асқан сұлу әйелдердің, ақылды әйелдердің отауына да алып барады, бірақ өзіңді Пассуктей сүйген ешкімді кезіктіре алмайсың.

    Мен оның дұрыс айтып жатқанын білдім. Бір сәт жын қаққандай жұлқынып, Пассуктың белдемшесінен алған қапшықты лақтырып тастап: менің де жолым бітті осымен, енді мен де сенімен бірге өлемін, деп аласұрдым. Алайда Пассуктың шаршай қараған жанарына жас толып:

    ─ Адамдар кез келген ортада Ситка Чарлиді адал деп білген, оның әрбір сөзі шыншылдығымен құрметтелген де. Ал қазір ол Бұғылы таудың етегінде бос сөзді мыжып тұрғанын біле ме? Бұл абырой ма оған? Ол кешегі күні бізді құтқарады деп, ең мықты итін, ең дәмді тамағын беріп аттандырған Қырқыншы Мильдегі адамдарды ұмытқаны ма қазір? Пассук әрқашан өзінің күйеуімен мақтана білген. Пассук сол мақтанышынан әлі де айырылғысы келмейді; ендеше ол қазір орнынан тұрып, шаңғысын киіп, дереу жолға шығады.
  • Zhadyrahar citeretfor 2 år siden
    Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар!
  • b1087880661har citeretfor 2 år siden
    Өмір деген бір жұмбақ құбылыс қой. Мен бұл туралы көп ойладым, көп толғандым, бірақ күн өткен сайын ол маған тіптен түсініксіз бола түскен. Біз бәріміз неге оған соншама құлай береміз. Шындығында, біз өліп-өшіп сүйген өмір дегеніміз ─ әншейін бір ойын емес пе, ол ойыннан түптің түбінде ұтып шыққан кім бар! Өмір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір сүру ─ тозақ. Туғаннан ─ өлгенге дейін. Өйткені адам жылап туады, жылап өледі. Сөйте тұра және ешкім оңайлықпен, өз еркімен өлгісі келмейді. Егер көзіңді ашып қарасаң, мұндай ит тірліктен өлім әлдеқайда артық қой. Жоқ бәрібір біз өмірді жақсы көріп, өлімге нәлет айтамыз. Бұны қалай түсінеміз өзі!? Бұл неткен жұмбақ сонда
  • b3099761671har citeretfor 2 år siden
    ─ Май дейсіз бе?

    ─ Иә, иә, майды айтамын. Кімнің бойында май көбірек болса. сол жол азабын да көбірек тартады.
  • b7292157164har citeretfor 2 år siden
    түкірігің жерге түспес аязда,
  • b2326606152har citeretfor 2 år siden
    мір сүру атымен ғұмыр бойы ит болып еңбек етесің, жаныңды шүберекке түйіп тәуекелге барасың, бұның ортасында қаншама қайғы-қасіретің, азабың мен бейнетің бар. Осы да қызық па? Осы да өмір ме? Жоқ өмір сүру ─ тозақ.
  • b2326606152har citeretfor 2 år siden
    Осалдықтың бірінші белгісі ─ көпірме сөз екенін, ал шын мықтылар үлкен істі үнсіз тындыратынын, рас,
  • Рамазан Көшенhar citeretfor 3 år siden
    Айтсаң ─ істедің, сөйлесең сөзіңді тыңдата білдің. Бұған қоса адал едің, шыншыл едің. Ал сен үшін мен мақтанатын болдым. Міне, сөйтіп сен менің жүрегімнен орын алдың. Бұдан былай жатсам да, тұрсам да тек сені ойлайтын күйге түстім. Сен мен үшін көкжиектен бір көрінсе, көгілдір аспанда ұзақ байланып тұрып алатын жаз айларындағы алтын табақ Күнге айналдың. Мен сонда қай жаққа қарасам да тек сол Күнді ғана көретін едім. Бірақ... бірақ сенің жүрегіңе жол таба алмадым. Маған деген орын онда жоқ еді, Чарли.
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)