келіншегім жылап отыр, оған жаным ашыды. Ай мен күндей жарқыраған сұлу келіншек, ешкімнің қолы жетпеген, менің ғана қолым жеткен сұлу келіншек, үріп ауызға салардай аппақ сұлу келіншек көз алдымда жылап отыр. Мен оны жылату үшін алып па едім?! Оның көз жасы менің жүрегіме, жүрегімнің ішіндегі өзекке тамшылап жатқандай.