bookmate game
Әзілхан Нұршайықовтың

Махаббат, қызық мол жылдар

Giv mig besked når bogen er tilgængelig
Denne bog er ikke tilgængelig i streaming pt. men du kan uploade din egen epub- eller fb2-fil og læse den sammen med dine andre bøger på Bookmate. Hvordan overfører jeg en bog?
  • Куралай Турсынhar citeretfor 6 år siden
    Тегі адам не нәрсеге, сеніп, беріле істесе, оның сол ойы орындалып шығатын болар деп ойлаймын.
  • Bom Parkhar citeretfor 5 år siden
    «Емен - ең берік ағаш. Оның беріктігін мынадан да білуге болады: өзге ағаштардың жапырағы күзде-ақ қурап, түсіп қалады; ал еменнің жапырағы қыста да бүлк етпейді, тек келесі көктемде - бұтақтарында жаңа, жас бүршіктер қылтиып, бас жарғанда ғана оларға орын босатып, жерге құлайды. Мықты жүректі мекендеген ескі махаббат та осыған ұқсайды - өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалынды жаңа махаббат қана тықсырып шыға алады».
  • Кымбат Мухамадиеваhar citeretfor 5 år siden
    Меніңше, әйелге керек негізгі үш қасиет бар, ағай. Олар: еңбекшілдік, ақылдылық, сұлулық. Бойында осы үш қасиет тегіс бар әйелді төрт құбыласы түгел әйел деп бағалау абзал. Ал соның алғашқы екеуі ғана табылса, онда соңғысынсыз да өмір сүре беруге болады.
  • Gabdul Akmurzayevhar citeretfor 2 år siden
    Ғашық адам сүйгенінің бойынан сұлулықтан басқа да асыл қасиеттер іздейді. Ол қасиеттер: ақылдылық, адамгершілік, сыпайылық, сыйластық, еңбексүйгіштік болса керек. Жалқау қызға жан жоламауға, еріншек қызды ер алмауға тиіс. Мұның растығына көптеген мысалдар бар. Еңбекте үздікті сүйеді. Оқуда озықты қалайды. Қай қыз жұмысты жақсы істесе, жұмысшы жігіт соған ұмтылады. Қай қыз сабақты жақсы оқыса, студент жігіт соған қырындайды. Нашар оқитын қыз өзін сүйікті етіп көрсетуге тырысады.
  • Саулет Толепбергенhar citeretfor 6 år siden
    Махаббат – барша байлықтан күшті. Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат та өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.
  • Шынарай Джамалиеваhar citeretfor 7 år siden
    Махаббат мекендемеген жүрек қысты күні қар астында қалған қараңғы үймен тең.
  • Gabdul Akmurzayevhar citeretfor 2 år siden
    Сұлу деп қазақта көрікті әйелді айтады. Ал көркінің үстіне ақыл-парасаты мол әйелді ару деп атайды. Өмірде сұлу көп те, ару аз.
  • Gabdul Akmurzayevhar citeretfor 3 år siden
    Қыздың жақсы жігітке шығуы, жігіттің жақсы жар таңдап алуы жеңіспен пара-пар. Алдымен жеңіске жету қымбат, ал жеткен жеңісті баянды ету - одан да қымбат.
  • b8784208037har citeretfor 3 år siden
    Меніңше, махаббат - дүниедегі барлық күштің көзі, барлық қуаттың бұлақ-бастауы. Онсыз еш жерде жеңіс жоқ.
  • b7567658784har citeretfor 3 år siden
    — Мен сіздей... сендей кісіге лайық емеспін-ау, тең емеспін-ау деп ойлаймын.

    — Жоқ, лайықсың! Сен менен артықсың, сәулем!
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)