Шақырғанға бар. Шалғанмен тірес. Күлшынғанмен күрес. Жығылсаң жер көтереді, — деді әкем. — Бірақ, опынғаныңды айтпа, одан кейінгі ойланғаныңды айт. Ызаңды айтпа, ызадан соңғы ындының мен ықыласыңды жеткіз. Жақсының басынан дау кетпейді. Жаманның басынан жау кетпейді. Тірі тұрғанда талай дауың да, жауың да болады, шырағым.