Жаңа дос тапсаң, онымен күнде кездесіп жату міндет емес. Ал, айналаңда үйреншікті адамдар болғанда – айталық, семинариядағадай – олар сенің болмысыңа қалай болғанда да ене бастайды. Ал, өміріңе кіріп алған соң, олар біраздан кейін оны өзгертуге талап жасайды. Егер олар сені қай бейнеде көргісі келгеніне сай келмесең – өкпелейді. Әркім мына жалғанда қалай ғұмыр кешу керек екендігін шүбәсіз айқын біледі ғой.