Баққожа Мұқай

Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 2008) — жазушы, драматург. «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000).

Citater

b3299270684har citeretfor 2 år siden
Біз бәріне қызмет еттік, қарағым. Тек адамға, туған халқымызға қызмет еткен жоқпыз.
Тогжанhar citeretfor 2 år siden
Түлкі заманда тазы болып шалу керектігін ерте түсінгендердің мақсатына оңай жететінін Аяған білгелі қашан. Қазіргідей сырты жылтыр, іші бұлдыр заманда Алдияр Ақпанұлы айтқан тәсілмен күресіп, мұратқа жету мүмкін еместігін жердің астындағыны білетін ғұлама Алдияр қарсыластарынан ақылының аздығынан емес, айласын асыра алмағандықтан жеңілді. Заманның құбылып тұратын мінезіне бейімделіп, керек кезінде жалынып, жалбарынып, аяққа жығылып үйренген уақыттың құлақ кесті құлдары оны алып та, шалып та жықты. Қарсыласуға шамасын келтірмеді мүлде. Өмірдің талай өткелегінен өтіп, отқа салса күймейтін, суға салса батпайтындай болып піскен кәрі тарлан өзінен тәлім алған бір үйір күшіктің талауына түсіп, құр сүлдерін әрең алып шықты. “Құдай – хақ, уақыт – ақиқат” деп осы өмірінде өзгенің ала жібін аттамай, қиялындағы абсолютті шындыққа сеніп жүріп жеткен жері осы болды.
Тогжанhar citeretfor 2 år siden
Мыналарға қор болған қайран орын-ай” дейтін Мұсахан қария әлгілерден түңілгенде.

Vurderinger

Akniet Karjauhar delt en vurderingfor 2 år siden
👍Værd at læse

  • ikke tilgængelig
    Баққожа Мұқай
    Өмірзая
    • 286
    • 173
    • 19
    • 56
    kk
  • fb2epub
    Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)