kk

Дүкенбай Досжан

  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Ұстазың – бірбеткей, тік сөйлейтін, мінезі жаман, атаққұмар адам болсын, өзіндік беті бар, өзіндік шындығы бар адам ғана сені жағаға алып шыға алады
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Сізге бір нәрсе үйрете алатын кісімен ғана достас, осы межені алға ұстап өмірім өтті, досы аз адамға айналдым
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Оқиға болғанын бәрі айтып бере алады, әлгі оқиғаның неліктен солай болғанын айтуға тырыс»
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Қазақша «ат – биеден, алып – анадан туады» деген сөз бар. Былайғы жұрт жөні келгенде осы мәтелді айтуын айтса-дағы, түп тамырына, мәнісіне үңіле бермейді. Көне кітапты оқып, ескі әңгімені көп білетін кәрияны тыңдап отырсаң – атам қазақ мәтелді тегін айтпаған. Кісі ағзасындағы қанға тарту, яғни, тектің тұқымнан тұқым қуалап, жалғасатындығын әлдеқашан біліпті. Текті құрайтын нуклеин қышқылының молекулалық түзілімі, жалпақ тілмен айтсақ: қандағы хромосом түйіршігінің қасиет-сырын, табиғатын баяғыдан таныған. Тұқымының тұздай құрып кетпеуінің қамын жеген. Жеті атаға дейін қыз алыспауының мәнісі осы ма дейміз.
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Тісіңізден шығара көрмеңіз. Шынымды айтайын. Алдына азғана мал біткен шақар байдан жақсы адам шықпайтынын әуел бастан сездім. Амал іздедім. Арғында Қызжәнібек есімді сері барын білесіз. Өзімнің өнеріммен Қызжәнібектен алған олжам осы бала еді, – депті әйел.
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    – Өз бетінше жол тауып жүре алмайтын, он үйге билігін жүргізе алмайтын жаман Құлшомбайдан сендей бала туа ма, өзің ойлашы, құрдас!

    – Неғып көкіп сөйлейсің? Шешемнің етегін күзетіп жүрген сен бе едің? Айт қанекей!

    – Айтсам – айтайын, ашу – дұшпан, ақыл – дос, текке қалшылдайсың, болыс-еке!

    – Не тапсаң-дағы тіліңнен табасың!

    – Болыс-еке, сен Кенесары-Наурызбайдың Наурызбайынан пайда болғансың. Сенбесең елдің өсегіне құлақ сал, сақал-шашыңды алғызып айнаға қара!

    Сонда сұлқ түскен Әли болыс:

    – Әкем жаман кісі болмапты ғой, – деп отырып қалыпты.

    Сөзден сөз туады, ойдан ой өрістейді.
  • Assel Tulegenovahar citeretfor 2 år siden
    Барак Обаманың анасы американдық еврей келіншек – Стэнли Энн Данхэм бойжеткен – кениялық жігітпен кездесіп, көңілі құлап, отбасын құрып, көп ұзамай кішкентай Барак дүниеге келеді. Дәм-тұзы жараспай көп ұзамай ажырасып кетеді. Қарадомалақ Барак анасының әлдиімен өседі. Ес білгеннен – ержеткенге дейін: «Балам, білімді болсаң ғана жарыққа шығасың, адам боласың», – деп құлағына құйып шаршаған. Барак анасының ақылымен, жетелеуімен, желкелеумен орта білімді үздік тәмамдап, қиналып жүріп елдегі ең мәртебелі университетті жоғары балмен бітіреді. Жетілу, кемелдену, іздену қалыбы әкесінен емес, жатырынан ауысқан.
  • b1943962999har citeretsidste år
    Жүйке аурулары ауруханасына бір түсіп шықсам болды жеті жьлғы еңбегімді басы бүтін иемденіп шыға келмекші: басының шегесі босағанға сенбеңдер, қолжазбаны үстінен жөндегем, кемелдендіргем, тер сіңіргем деп. Қанша ойбайласа да жындының сөзіне жұрт өлсе сенбейді.
  • b1943962999har citeretsidste år
    ына түрлеріңмен аштан өлесіңдер» деп қала шетінен екі бөлмелі үй сатып әперді. Екі шабаданды салақтатып көшіріп үйге
  • b1943962999har citeretsidste år
    шеге қаққандай етіп былай деді. «Әй, сенің шын атың кім осы?» «Балташ». «Бәсе, жұрттың бәрі Дон-Кихот, Дон-Кихот дегенге – қазақ та қоя береді, әкесі бір жарымес болар, қиял куған, есімін құбыжықтай етіп қоя салған десем».. Осыны айтып жүзін жылытып біразырақ ойланып отырып қалды. «Ал, мен жүрем, мына әңірейген
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)