Әбдіжәмил Нұрпейісов

  • Мадина Тохтарбайhar citeretfor 2 år siden
    – Иә, саған а-алып шыққан гү-ү...

    – Есің дұрыс емес шығар...

    Төбеге ұрғандай тұрып қапсың. Қолыңдағы горшокке көзі түскенде өзің де шошып кеттің. Тәйірі, қазақ ұстаған гүлде күтім қайдан болсын. Құрт жеген жапырақтар шұрқ-шұрқ тесік. Шаңы да сүртілмепті. Бұл пәледен бір сыласын тауып тезірек құтылғысы кеп, шоферді іздеп еді. Ол көк соққыр анадай жерге ұзап кетіпті. Бәкизаттың қасында мықшыңдап шамаданын көтеріп барады екен. Сен енді ағыл-тегіл халық арасынан таныс біреу кездесіп қалатындай зәрең ұшты.

    Құдай оңдағанда Арал стансасының бет алдындағы алаңда бала бойындай бәкене тұғырға қондырған ұлы көсемнің бюсты тұратын. Қуанып кеттің. Жұрттың көзін ала бере жүгіріп бардың да, әлде бір кезде Аралдың қолы ұсынақты бір баласы ақ гипстен үйтіп-бүйтіп ұсқынын келтірген тақыр бас көсемнің бюстының дәл түбіне көк жапырақтары жалпылдаған кішкентай құмыра горшокты қоя салды. Сосын былай ұзай бере артына бұрылып қарап еді; көк жапырақтар жел астында жалп-жалп... Ал ұлы көсемнің тұла бойында құс саңғымаған сау-тамдық жоқ екен!
  • b2816051860har citeretfor 2 år siden
    Әміржанның баласы болдың-ау?
    – Иә, далалық беті...
    – Е-е, енді түсінікті. Сонда сен қу бала Жақайым Әміржан ақсақалдың баласы болдың-ау, ә?
  • b3539014723har citeretfor 2 år siden
    жолы Каспий мен Арал арасындағы елсіз түзде жалғыз келе жатқанда, ойда жоқ жерден өкпе тұстағы қоңыр жалдың
  • b3539014723har citeretfor 2 år siden
    Сөзін асықпай зілденіп айтты да, маңқиып шалқалай қараған маңғаз қалпын бұзбай сауалына жауап тосып қалды; өзінің кісіге қарағаны да біртүрлі; бір көзі жұмылып кеткен; тек ана, бұған қараған жақтағы көзі құс ататын аңшының нысанадан сығалағанындай; аңшы болса, Құдай біледі, ұсынғаны мүлт кетпес еді; сұрақтан гөрі осы бір оқтай қадалған өткір жанар өңменінен өтіп бара жатқасын қипақтап көзін олай бір, бұлай бір алып қашты.
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)