bookmate game
Ілияс Есенберлин

Көшпенділер. II кітап

  • Айжан Абдумуталиповаhar citeretfor 3 år siden
    — Уа, халайық, — деді дауыстап. — Шаңырағың құлап жерге түсті, хан Абылай дүние салды!
  • Айбол Арманhar citeretfor 6 år siden
    Оң жағындағы төсектен жас сұлудың өксігін баса алмай, булыға жылағаны естілді...
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    түс көрдім. Табытта жатыр екенмін. Басыма ілінген Үш жүздің жалауын үш тобыр жұрт жұлып әкеткелі тұр. Табытымның бір бүйірінде арыстан, екінші бүйірінде айдаһар отыр. Аяқ жағымда бір топ үрім-бұтағым. Уәлиден тараған бір ұрпағым маған құран оқып жатыр. Қасымымнан өрбіген бір тентегім қолына қанжарын ұстап мені қорғап түр. Ал мен өліп жатсам да, екі бүйірімде отырған арыстан мен айдаһарға кезек қарап, мыналардан қалай құтылам деп жанталасудамын. Осы түсімді жорып берші, Бұқар аға?

    Бұқар тұнжырап біраз отырды. Үй іші де тына қалды. Әлден уақытта барып жырау:

    — Түс жору — түлкі аулаумен тең, кейде ізіне дәл түсесің, кейде шет кетесің, сөйтсе де жорып көрейін...

    — Сөйлеңіз, көмекей әулие...

    — Қырыққа келмей табытта жатсаң — өмірің ұзақ болады екен. Басыңа жалау тігіліп, оған үш бірдей топ таласып жатса, үш жүзге хан болады екенсің. Бірақ хан атына ие болсаң да, халқыңа ие бола алмайды екенсің. Сен өлген күні үшеуі үш жаққа ыдырап кетеді екен. Табытта жатып, екі бүйіріңдегі арыстан мен айдаһардан қалай қашып құтылам деп қорықсаң, өле-өлгенше еліңнің екі бүйірінде тұрған екі мемлекетке жалтақтаумен өтеді екенсің... Ал аяқ жағында тұрған үрім-бұтағыңның ішінен бірі құран оқып, бірі қанжар қайраса, Уәлидің ұрпағынан шыққан бір тұқымың атын қағазда, ал Қасымнан туған бір балаң атағын майданда қалдырады екен.
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    Арғынның бұл келген ереуілді тобынан Абылай сұлтан екі затты бүйіріне қатты түйді. Бірі — қарамағыңдағы бұқара өзіңе қарсы шықса, онда төре ісінің қараң қалғаны. Ашуланған халық жараланған арыстаннан кем емес, өзіңді жарақаттамай тынбайды. Төремін деп басынба, жазамен ықтырам деме, шамаң келсе баурыңа тартып ашуын басуға тырыс. Екінші түйгені, сырт жауың болса, оған ел болып қарсы шығасың, не басын аласың, не қан сорпа етіп қуасың... Ал өз еліңнің қай тентегінің басын кесіп құртасың? Мұндай халықты билеудің жолы бөлек. Арыстанды темір торда ұстасаң ғана қауіпсіз. Халықты да үнемі темір торда ұстай біл. Мейлі ол саған ақырсын, айбат көрсетсін, бәрібір шаба алмайды, мерт ете алмайды. Ал бар халыққа темір тор құру мүмкін бе? Жоқ, халқыңа деген темір торың, құр ғана жалаңаш қылыш әскерің емес, ол ақылың, айлаң...
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    Жүз тәуекелдің бір тәубесі болар. Кешегі тәуекеліңе бүгін тәубе ет.
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    Замана түлкі, адам қыран... Бөктерде бүркітті көрген түлкі, етекке түсіп, жауымен кең жерде айқасудан тайсалса, сол бөктердегі өзі түстес бір қызғылт тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран ондай түлкіні көруі керек
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    түлкі, адам қыран... Бөктерде бүркітті көрген түлкі, етекке түсіп, жауымен кең жерде айқасудан тайсалса, сол бөктердегі өзі түстес бір қызғылт тастың қия бетіне құйрығын шаншып тұрып қалады. Қыран ондай түлкіні көруі керек. Е
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    билеу оңай тисе, халық тізгіні қолында болған адамның бәрі де ел аузында қалмас па еді? Қазақ тарихында жүздеген хан менен мыңдаған сұлтандар өтті. Солардың халық жадында қалғаны саусақпен санап аларлықтай. Хан тағына жету кейде оңай болғанмен, хан тағында отыру қиын. Өйткені оған тек қана күш емес, ақыл, айла, саясат керек. Бұл қасиеттер сандықтағы дүниең тәрізді, біреуде бар, біреуде жоқ...
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    Қандай данышпан едің, байғұс қазақ?! Сенен басқа бірде-бір халық дүние шіркінге «жалған» деген ат қоймаған болар. Қалай тауып қойғансың. Қу дүние, шын жалған екенсің... Өттің де, кеттің ғой...
  • Жансая Оразалиеваhar citeretfor 2 år siden
    Халқы жақтамаған соғыс қашан да шапқыншылардың күйреуімен біткен. Бұл — тарих қағидасы. Әттең не керек, ел басқарушы күштілер сол тарихи сабақты естерінен шығарып алады. Басқаны былай қойып, қазақ хандарының кейбіреуі бөтеннің жерін басып алам деп жүріп, сол жат жерде қаза тапқан.
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)