bookmate game

Оралхан Бокей. Кулпаштын уршыгы

  • Bekzat Bekbolathar citeretfor 2 år siden
    Ауылға оқта-текте бара қалсақ, «туған жердің келбеті-ай, ауасын-ай» деп тамсанып, күні кеше ғана қашқандай болып, екі қолыңды төбеңе қойып безіп кеткен ауылды жаңа көргендей өп-өтірік таңырқап, тамсанып қарайтын жасанды әдетіміз бар ғой.
  • Simbahar citeretfor 4 år siden
    ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай
  • b0904777436har citeretfor 5 år siden
    Әкем: «Жетті енді, желіге бермеңдер!»— деп, зекіп еді, екеуі... бірдей жым болды.
  • Жасмин Баржаксинаhar citeretfor 8 år siden
    ткендей жым-жырт. Қар бетіне иттің ғана ізі түскен. Күн көтеріле, алғашқы қар қалыңдығына қарамай
  • Жасмин Баржаксинаhar citeretfor 8 år siden
    КҮЛПӘШТІҢ ҰРШЫҒЫ
    әңгіме
    Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тұлақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
    Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық — Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
    Дегенмен, түтін шыққан үйді аңдып, ыстық тамағының үстіне дәл түсетін әдеті бары рас. Жұрт Күлпәштің осы мінезінен зәрезап болатын. Бағзы заман емес, қазіргі ағыл-тегіл тоқшылық уақытта, бала-шағаңның ортасында оңашаланып аузыңа енді ала берген асыңа бір емес, екі емес, ортақ бола берген адамды — атаң болса да жақтырасың ба, тәйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпәш кәперіне де алмайтын. Салдырлап әңгімесін айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп, өз асыңды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.
    Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақ жатқан дал
  • Жасмин Баржаксинаhar citeretfor 8 år siden
    ыңдығына қарамай жылбысқалана еріп, ақ сорпас
  • Жасмин Баржаксинаhar citeretfor 8 år siden
    асың ба, тәйірі. Бірақ жұрттың күңкілін, қыржың-тыржың теріс қабағын Күлпәш кәперіне де алмайтын. Салдырлап әңгімесін айтып, алды-артына қарамай асай беретін, тіпті «жесеңдерші» деп, өз асыңды өзіңе тықпалайтын; тіпті өз үйінен кекіре тойып шығып, көршінің шайына зыр жүгіріп кетер еді.
    Қыстың алғашқы айының бір күні еді. Таңертең тұрсам, аппақ болып қар жауып қалыпты. Кеше ғана қара қожалақ жатқан дала ақ көрпесін қ
  • Жасмин Баржаксинаhar citeretfor 8 år siden
    әңгіме
    Шешемнің замандасы еді. Біздің үйдің қыр жағында тұрады. Ақарлы-шақарлы, бала-шағасы көп адам. Ерінен ерте айрылған. Соғысқа кетіп, содан хабар-ошарсыз жым-жырт жоғалған. Тастай батып, судай сіңіп кеткен. Әйтеуір, ұлдары ересек, үлкені үйленген, одан үш-төрт немересі және бар. Ертеден қара кешке дейін есік көзінде басқышта, тұлақтың үстінде ұршық иіріп отыратын Күлпәштің екі көзі біздің үйдің түтінінде.
    Табиғатынан қыдырмашы адам болған соң, көрші-қолаң оны жақтыра қоймайтын. Бірақ сумақайлығы, ауыл үйді бір-біріне айдап салар айтақшыл өсек-аяңы жоқ әйел. Тек біреудің үйінде жаңалық болса естімей, алыстан ағайындары келіп жатса, барып есендеспей отыра алмас еді. Жіп иіретін ұршық — Күлпәштің жан жолдасы, түнде басына жастап ұйықтайды екен. Қашан көрсеңіз де, шынтағын шошайтып, созақтата жіп иіріп шаншылып отырғанын көресің.
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)