– Мұнда бояулар үн қатып, ән салып, би билеп тұруы керек!”
b4457711790har citeretfor 2 år siden
Е-ей, бақыт, мен сенiң сырыңды ұғып, құпияңды ашып қойдым! Сен мынау жер бетiндегi адамдарсыз өмiр сүре алмайды екенсiң. Сенiң қадiрiңдi бiлетiн де, бiлмейтiн де, сенi биiкке көтеретiн де, көтермейтiн де осы жер бетiндегi мұңлықтар екен!” –
b4457711790har citeretfor 2 år siden
Күннен күнге мен оған бауыр басып бара жатқан сияқтымын. Сәл кешiксе, көңiлiм алаңдап күтемiн. Келмей қалса, iздеп барамын. Ол менiң өмiрлiк сыңарыма, осыған дейiн қараусыз қалған айдаладағы ескi күмбездей құлазып келген жан дүниемнiң шырақшысына айналған секiлдi...