Ілияс Жансүгіров

Жолдастар

485 trykte sider
Har du allerede læst den? Hvad synes du om den?
👍👎

Vurderinger

  • b5143806499har delt en vurderingfor 4 år siden
    👍Værd at læse

    Қазақтың өмірі жайлы жақсы жазылған кітап.

  • Акерке Королеваhar delt en vurderingfor 5 år siden
    🙈Ikke min kop te

  • Аслан Саржановhar delt en vurderingfor 5 år siden
    👍Værd at læse

Citater

  • Еламан Ақанбайhar citeretfor 5 år siden
    ЖОЛДАСТАР!
    Кең алаңда митинг. Толқыған халық теңізі. Теңіз толқынында жүзген желкендер — қызыл тулар. Көк еміреніп, жер сілкінді. Ескі дүниенің асты-үстіне төңкерілді...
  • b6289407497har citeretfor 3 år siden
    қажымыз болмайды. Бұл мәжіліс қажының әйелдерімен өтеді.

    Қажы ауылының мұндай ұдайы болып жататын ашық қонағынан басқа анда-санда жабық қонағы да болып қоятын еді. Ондай мәжіліс көбінесе ауылдың жастары, көңіл көтерейін деген сауықшыларынан құралатын еді. Әсіресе мұндай мәжілісті Шалматайдың өткен жылғы түскен тоқалы, Мысық қажының қызы ұйыстыратын. Ол қажылар, қазіреттерден ауыл оңаша болса-ақ үйіне мәжіліс шақырып, жастарды жиып ойын жасайтын. Оның ойынында бой жетіп келе жатқан қыздар, қыздың жеңгелері, мырзаның келіншектері, қажылардың тоқалдары, күйеу-жезделер, желбас бозбалалар, көрші -қонғының пысықай әйелдері, әнші, күйші, күлдіргіш жігіттер (жалшы болса да мейлі) болатын еді. Бірақ мұндай мәжіліс ұдайы бола бермейтін. Көп күттіріп, бір-ақ болып өтетін. Мұндай мәжілістің досы аз болмағаны сияқты дұшпаны да көп болатын. Әсіресе жас тоқал ұйымдастырған мұндай мәжілістің бірін екі қылып қолға тізіп, жұртқа жариялай жүруді бәйбішелер кәсіп қылатын. Кәртаң байларының құлағына құятын.

    Міне бүгінгі Нәзипаның үйінде болып жатқан мәжілістің түрі сондай мәжіліске ұқсайтын еді. Мұнда да қажы ауылы оңаша, қазірет қалаға кеткен. Сондықтан ауылдағы жас-желеңнің көбі-ақ келіп отыр. Мұндағы отырған әйелдердің де, еркектердің де желпіне сөйлеп, желіге ойнап отырған себептері сол еді.

    Осы мәжілістегі үйге самауыр кіргізген екінің бірі Сатан. Ол Шалматайға қайта жүріп Қояндыдан қайтқан соң бір айдан бері осы ауылда. Сатанды қажы Екіаша деген жайлаудағы малы етекке түскенше тостырып қойған. Ол мал келісімен Сатан сол малдың басында төменгі Су аяғы құрдымға қыстауға кетуге тиісті. Сатанның әзіргі кәсібі,— күндіз бие саудырады, түнде келген қонақты күтеді, қажының ауылының әйелдері қалаға, жекжатына қонаққа жүрсе — атшы болады. Өзі Нәзипаның қолында.

    Нәзипа Сатанды «нағашым» деп жан тартатынын оқушы біледі. Осы жылдың жазында Сатан еліне қайтпақшы болып байға жолығуға келгенде — • Сатанды нағашым деп үйінен дәм таттыратын ақ тоқал осы Нәзипа еді Қажы Сатанды Қояндыға «қайтпайсың» деп жекіп жіберетінде қайтаруды мойнына алып қажыға сөйлеспек болғанын да оқушымыз ұмытпаған болар. Сатан осы Нәзипаның себебімен биыл Қояндыны көріп келіп отыр емес пе? Әйтпегенде, Сатан сонау Қояндыға қайтар ма еді? Қояндыға қайтпағанда сонау қойшылықтан құтылар ма еді? Қойшылықтан құтылмағанда сонау ақ вексіл жыртылар ма еді? Үй ішін көріп қуантар ма еді? Әрине, бұған себеп болған Нәзипаны сонан былай Сатан да жан тарта бастаған. Ол Қояндыдан келісімен-ақ Нәзипаның қолына келіп, қолғабыс жігіт болып сіңіп кеткен. Нәзипа да оны нағашым—Арғын деп, шайына шақырып,үй арасына жұмсап отыратын болған.нағашысына киім-кешек жағынан да қарасып, аяқшы болуға лайықтанып қалған.

    ДАСТАРҚАНДА

    Уақыт кеш. Жабыққа тіреліп жиылған жүк. Сегіз қанат үйді іргелей отырған жан. Шаңырақ желбауына асылған газ шам быжылдап жанып, үйдің ішінен бейне күн шыққандай. Өңінен судыраған жібек, сылдыраған күміс, сылқылдаған күлкі... Мәжілістің ортасына жайып тасталған көкала дастарханның үсті өрік - мейіз, бал
  • b6289407497har citeretfor 3 år siden
    ПРОЛОГ

    (РОМАН)

    Дала. Түн. Шуылдаған дабырмен оянып, далаға шықтым. Айдың өлі арасы еді. Көк көрінбейді. Бұлт, қап-қара. Түпсіз терең түнде тұңғиық, қараңғылық қырды көптен құшағына алған. Дауыл соғып тұр. Дала дүр-дүр етеді. Әлде желдің үні? Әлде елдің үні?..

    Ауып ауыр қараңғылықта. Шу шығады. Не шу? Әлде жел қамысқа соқты? Әлде жылқышы ысқырады?..

    Жел ішінен жарықшақ дауыс естіледі: не дауыс? Әлде қойшы айтақтайды? Әлде қасқыр ұлиды?..

    Дауыс сыңқ-сыңқ жылағандай: бұл не? Әлде бұлақ сылдырайды? Әлде сатылған қыз жылайды?..

    Әлдекім зірк-зірк етеді: кім екен? Әлде жел қаттылады? Әлде бай малшыларына ұрысады?..

    Дауыс мекіренеді: әлде қой маңырайды? Әлде бақсы ойнайды?

    Үн күңіренеді: кім ол? Әлде молда аят оқиды? Әлде жарлының жалғыз сиырын ауылнай әкетті?..

    Ауып шулайды: неткен әбігер? Не қораға қасқыр шапты? Не ел жігітін майданға айдауға жарлық тарады?..

    Немене? Не дауыс бұл?

    Бұл дауыс әлде желден шығады? Әлде елден шығады?..

    Жел күшейді. Дауыл қаттырақ соқты. Аспан астан - кестең.

    Дала алай-түлей. Көк күркіреді. Найзағай шатыр - шұтыр етті! Нөсер шүмектеді. Жауын төгіп-төгіп жіберді, ел сарышы cap-cap етеді.

    Бұл не сарын? Әлде селдікі? Әлде елдікі?

    Даң-дұң, шу молайып барады... бұл не? Әлде Ертіс бұзылды? Әлде ел дүрлікті? Жоқ, алыста теңіз толқи ма? Әлде ашынғандар уран сала ма? Әлде ақ патшаны тақтан түсірді ме? Әлде майданнан қайтқан жігіттерге ел той қыла ма?

    Мынау саңқ-саңқ еткен кімнің дауысы? Біреу дабыл қаға ма? Әлде Дауылпаз шақыра ма?..

    Ия, ия, жақсылық! Бостандық... жел жаздікі сияқты. Мынау қылаңдаған таң ғой! Таң!..

    Жоқ, жоқ... не боп кетті? Мен жаңылдым ба? Әлі таң белгісі жоқ екен... жел ұйтқып, терісіне шықты. Күн суытты. Қылау ұшқындады. Қар сапалақтады. Алай - түлей, боран түтеді. Қыр — қараңғы. Түн — түнек. Қас пен көздің арасы көрінбейді...

    Не дауыс бұл? Шу күшейді. Кім ыңыранады? Кім күңіренеді?.. Көк күрсіне ме? Әлде зеңбірек атыла ма? Жер ыңқылдай ма? Әлде, бомба жарыла ма?

    Дала азан-қазан. Әлде жел жынданды, әлде елге жау тиді?

    Дала уһілейді. Жел ысқырады. Әлде ауылдың қойын ақ пен алаш әскері айдап барады? Әлде атамандар ел ерлерін атуға команда берді?..

    Үн күңіренеді: бұл не? Әлде ауылды өлім басты? Әлде алаш қазіреті құран саулатады?..

    Үн ыңыранады: неткен үн? Әлде атамандар мұжықтарды сойып жатыр? Әлде ауылдың қыз-келіншегін ақтар рәсуалайды?..

    Үн күбірлейді: не бұл? Әлде Алаш ақсақалы батаға қол көтерді? Әлде төңкеріс ерлерінің етіне Колчак қамшылары шып-шып етеді?..

    Бұл қай жер? Ел қайда? Жылы жел соқтырған жаз қайда? Таяу қалған таң қайда?

    Кімдер шулайды? Не сарын?

    Әлде жел қаралы? Әлде ел жаралы?..

    Я сәт!

    Жел оңына шықты! Дауыл қаттырақ соқты. Күркіреді. Найзағай шарт етті. Жел жылына бастады. Бұлт ыдырады. Жұлдыздар жылтырады. Уай, жарық дүние-ай! Қайдасың? Сағындық қой!.. Аспан жалаңаштанды. Жұлдыз жарығы жерге түсті. Таң таянды. Көк қылаңдады. Ауылдың алды-арты айнала айқын көріне бастады.

    Па, шіркін! Соғып тұрған жаздың желі — қоңыр ескек екен ғой! Соқ, соқ Алтынкүрегім! Серпе соқ!

På boghylderne

fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)