kk
Bøger
Серiк Асылбекұлы

Желтоқсан желі

1986 жылдың желтоқсанында Совет Одағының бұрынғы республикалардың бірінде СССР деп аталатын әлемдік державаларлың бірінің құлауының ең алғашқы жаршысы болған айтулы оқиға болды.
Осы сәттен бастап қазақ қоғамы әрқайсысы өз мүдделері мен идеалдарын қызғыштай қорғаған екі бітіспес лагерьге бөлінеді.
Пьесада сол кездегі әлгі екі лагерьге бөлінген азаматтардың ерікті және еріксіз түрде өз құлқы мен мінезін, сезімін жалаңаштап тастауына мәжбүр еткен сол бір түннің оқиғасы суреттеледі.
43 trykte sider
Copyrightindehaver
Издательские решения
Oprindeligt udgivet
2020
Udgivelsesår
2020
Har du allerede læst den? Hvad synes du om den?
👍👎

Citater

  • qadyrovtnhar citeretsidste år
    Коммунистік проспектісінің бойымен мен де жүгіріп келе жатқам — алдымнан бойшаң екі солдат шыға келді. Дереу тура менде әкелерінің ақысы кеткендей жолымды кес-кестей берді. Біреуіе айналып өте бергенімше болған жоқ, екіншісі тура шашымнан уыстап ұстап алып, жерге алып ұрды, — мен шыңғырып барып, жолдың жиегіндегі тастың үстіне ұшып түстім. Бір сәтке есімнен танып қалыппын. Жаңағы солдат бір қарасам, осы Қайсармен алысып жатыр екен. Қысқасы, Қайсар ер екен, ананы да, екі жағындағыны да екі жаққа жалпасынан түсіріп, мені сүйрелей қашты. Екеуміз сөйтіп қашып жүріп, сіздің үйден бір-ақ шықтық. Әйтпесе, бұрын бір-бірімізді мүлде танымаймыз.
  • qadyrovtnhar citeretsidste år
    Мана алаңға қаладағы қазақ мектептерінің жоғары класс оқушылары да шыққан. Неше түрлі ұрандар жазылған плакаттар, транспоранттар көтеріп алыпты олар да.
  • qadyrovtnhar citeretsidste år
    Қарағым-ау, бақандай он жыл отырып келді ғой бұл ағаң. 49-да кеткен, содан 59-да оралды ғой арып-ашып. Кенесары Қасымов деген ханды естулерің бар шығар, бұл ағаң со кісіні ұлт-азаттық көтерілісінің батыры деп еңбек жазған.

På boghylderne

fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)