bookmate game
Сәбит Мұқанов

Бақташының баласы

  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    жолы да солай болды. Үй ішінен еріп ешкім бармайтынына көзі жеткен ол артель председателі Шымболатқа жай - жапсарын айтып еді:

    — Жақсы, — деді Шымболат, — қорада тұрған жуас бір құнан бар еді, соны берейін, бірақ барған жеріңде қона қалсаң, шөп салып қорасына байла. Тұсап жіберсең, не бетімен кетіп, таптырмай әуре қылар, не ит - құсқа кезігіп жазым болар.

    Жандос апасының үйінде екі күн қонып, өз үйіне үшінші күні іңірде келді. Терлеп келген құнан, ауыл жатқанша суып байлауда тұрды. Келе сала ойынға кетіп, кеш оралған Жандос суыған құнанды жатар алдында отқа қояйын десе, үйінде шөп жоқ. Артельдің ауыл маңына үйілген маясынан сұраусыз шөп әкелуге болмайды. Сұрап алуға, басқарма мүшелерінен ауылда кісі жоқ. Олардың кейбірі егіннің, кейбірі мал шаруашылығының жұмысымен ат үстінде жүр. Құнанды тұсап жіберейін десе, ауылдың маңайы тақыршақ. Ұзатып апарып тұсайын десе, Шымболаттың, «ит - құсқа кезігіп жазым болар» деген сөзі есінде. Бос жіберейін десе, ауылдағы жылқы атаулы түнгі өріске кеткен. Құнан оларды таба алса жақсы, таба алмаса, бетімен қаңғырып кетуі мүмкін ғой: оты бар жерге тоқтай қалатын жасамыс жылқы емес, жас жылқы үйір таппай тына ма...

    Не істеуге білмеген Жандос, қойдан келіп іңірде ұйықтап қалған атасы Бектасты оятып сұрап еді, шала ұйқылықтың салдары ма, немесе ерінгендіктен бе, — далаға шыққысы келмеген қалпын көрсеткен шал, керіле, есіней сөйлеп:

    — Аяғына өре салып қоя бер, бөтен жер емес, өз жері, ұзап ешқайда бармайды, — деді.

    Бала ит - құс жайын ескертейін деп еді, ерінген шал, — «алладан... жібере бер» деді де, ұйқы жеңіп қисая кетті.

    — Сөйте сал, балам, — деді ұйқыдан оянған әжесі. — Атаңды мазаламай - ақ қой. Қойдан бүгін қалжыраңқырап келді өзі. Ескі тері де ұстайын деп жатыр ма өзінің, немене, біраз ыңқылдап жатып әрең ұйықтаған еді...

    — Неменеге ағысыссың?—деді Жандос.

    — Басқармаға барам.

    — Артынан барарсың.

    — Жоқ, өте тығыз жұмысым бар.

    — Не жұмыс еді?!—деді Жандос Қалқаманға таңдана қарап.

    — Артельдің бір құнанын қасқыр жеп кетіпті...

    Жандостың жүрегі тас төбесіне шыға келді... «Қандай құнан?» деген сөзге, денесі дірілдеген оның аузы әрең келді.

    — Ауылда жүретін күрең қасқа құнан бар еді ғой? — деді Қалқаман, — біреу соған шідер салып жіберген екен, қасқыр жарып жеп кетіпті...

    — Қайда?!—деді үрейі ұша түскен Жандос.

    — Балықты көлінің жағасында...

    Жандос еңіреп жылап жіберді... Аттан секіріп түсе қалған Қалқаманға, оны уату жеңілге түскен жоқ. Ұзақ уақыт әуреленіп, тілге әрең келтірсе, құнанның өліміне айыпты Жандостың өзі екен.

    Жандос расында қатты күйзелді: егер ол құнанды Шымболаттан сұрап мінбесе, мінген құнанды түнде тұсап жібермесе, құнан мұндай қазаға ұшырамас еді. Енді, міне, құнан сұрап мінудің аяғы мынаған кеп соқты. Өзінікі болса бір сәрі, онда да аянышты болар еді, бірақ дәл мынадай ауыр болмас еді.
  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    1929 жылдың күзі еді. Сабақ жүре бастаған кезде, мұғалім әлдеқалай сырқаттана қалды. Басында тымау ғана болар деп елемеген оның температурасы бірер күнде жоғарылап қырыққа жетті. Өткен жылы ғана құрылған бұл артельде әлі аурухана жоқ еді. Жақын жердегі аурухана аудан орталығында ғана, оның алыстығы — бұл арадан қырық - елу километр. Егін жинау науқаны қызу жүріп жатқан кез болғанмен, артельдің председателі Шымболат мұғалімді пар атпен аудан ауруханасына апарып салды. Ондағы дәрігерлердің айтуынша, мұғалімнің өкпесі қабынған, сауығып шығуы үшін он шақты күн керек.

    Артельдің мектебі төрт кластық қана болатын, үй саны аз, сондықтан, бірден артық мұғалімнің бұл мектепке керегі жоқ. Былтыр ғана ашылған бұл мектепті, жоғарыда атаған тәжірибелі мұғалім еркін меңгеріп, саны шағын балалар түгелімен жақсы оқып келе жатқан.

    Мұғалім жазылғанша, Шымболат балалардың ересек жағын егін жинау жұмысына шақырды. Өзге бала баруға ынта білдіргенде, Жандос дейтін бала, Шымболатқа өз өтінішін айтты. Оның туған апасы өткен жазда көршілес колхозға ұзатылған еді. Араларында он шақты жасқа жақын айырмашылығы бар Жандос, апасымен өте тату боп өскен. Жаз оқудан қолы бос кезінде, екі күннің бірінде ол ретін тауып апасына барып қайтатын. Күз болып, шаруашылықтың қауырт шағы басталғаннан кейін, апасына барудан ол қалған: жеке барайын десе, әрі өзіндік көлік жоқ, әрі жалғыз баруға әзірге жасырақ — жасы онда ғана; қарт атасы Бектас қой бағу жұмысында, әкесі Қамбар жайлауда жатқан жылқының бақташысы, ол үйіне келмейді, әжесі Бүбі орталықтың сиырларын сауады. Шешесі Бәтия егін жинау жұмысында. Бұл үйдегі бар жан осылар ғана.

    Апасын шектен шыға сағынған Жандос, мұғалім ауырғаннан кейін атасын да, әжесін де, шешесін де барып қайтуға үгіттеп еді, ешқайсысының да атқарып жүрген ісінен қол тимейтін болды. Ол жаққа баратын басқа адамның да жобасы көрінбеді. Жандостың жеке баруға ойы кетті.

    Бірақ, апасының ауылы жаяу баратын жер емес. Жандостың ауылынан апасының ауылы он бес, жиырма шақырымдай жер, оған атпен бару керек, ал, тік тұяқты жылқы бұл үйдің өз меншігінде жоқ, бірақ қажетті жұмыстары бола қалса, артельдің председателі бұл үйдің көлік бермей бетін қайтарған емес.
  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    манадан астында тыпырлап жатқан қасқыр, үстіндегі шалды қырынан аунатып барады. Егер шалдың үстіне шықса жазым қылуы мүмкін... Мүмкін емес - ау, солай болатын сияқты, өйткені,— шалдың қимыл қарқыны манағыдай емес, алқынып, тынысы тарылғаны ышқына алған демінен айқын - ақ көрініп тұр... Сол алқынған қалпында, қолы қасқырдың алқымынан айрылса ғой, — арандай ашқан аузын салып жіберіп, тісі тиген жерін ойып алады!.. Жұрттың айтуынша, қасқыр не алқым, не шап сияқты қайдағы әлсіз жерден ауыз салады... Онда шалдың өлгені!.. Ол өлсе, баланы қасқыр құтқара ма!.. Бала да болса, Жандостың
  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    бұрын бірнеше қасқырды көргені бар еді. Мына қасқыр олардың бәрінен зор... Кейін қайқая, ұшы сүмірейе біткен ыдыраңқы тістерінің әрқайсысы найза сияқты...

    Қасқырдың, осылайша күш алып бара жатқанын көрген Жандостың атасына жаны ашып кетті де, шалды үстінен аяғымен серпіп ауната берген қасқырдың төсіне қылпылдап тұрған үшкір кездікті сүріншек тұсынан сұғып жіберіп, кіндікке қарай тартып кеп қалды. Қырындай берген қасқырдың қан - жынына араласа, ішек - қарны да ақтарылып түсті...

    Әлсіреген қасқырдың аяқтары қимылын баяулатып барып, сіресе созылып жүре берді... Соңғы қарсылық - қимылының белгісіндей, түбіті қалың құйрығы шоршаң - шоршаң етті... Жан ашудың, салдары болу керек — аузын тарс жұмып ап, астыңғы иегін екшей толғағанда, бір біріне қайралған тістері шақырлай қалды... Бір кезде бар денесі босаңсып, құлағының ұшы ғана дірілдеді.

    Қасқырдың алқымына қарысып қалған қолын зорға жазып түрегелген шал, қатты ентіккен деммен:

    — Өлді!.. Итіңнің өзі де үлкен - ақ екен ғой!—деді қасқырға қарап тұрып. — Арланы екен!.. Арланның да арланы - ақ екен сабаз!.. Ту биелердің құйрығына тісі іліксе, тырп еткізбей ұстап қалатын мұндар ғой бұл!..
  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    абайламайды...

    Дес бергенде, колхоздың жолаушылап келе жатқан бір әйелі ұшыраса кетті. Соған қойға қоса өгізді де ауылға айдатып, ата мен немере қасқыр жаққа жөн тартты. Қолдарында бар қару —«қақпанға түссе ұрып алам» деп ауылдан ала шыққан құлаштай қайың шоқпар мен шалдың кісесіндегі қынға салған кездік.

    Қасқыр жатқан ерменді дөңестің аржағына бұлар сайды қуалап отырып күн бата жетті. Жолшыбай шал:

    — Қасқыр мөлшерлі жерде жатыр екен, — деді немересіне.

    — Оны қайдан білдің, ата?

    — Көрмеймісің қалың ерменнің сонау қара жолақ сызықтанып барып, орта кезінде тұйықталуын?.. Сол жолақ сызық қасқырдың ерменге жауған қарды түсіріп барып жатқан жолы...

    — Ығына шықтық қасқырдың, — деді шал, — ермен сыртын орап барғаннан кейін, енді біздің иісті сезбейді ол. Бер жағына еңбектеп жетеміз де, үстінен түсеміз...

    — Сонан соң? — деді бала асығып.

    — Мен оны шоқпармен соғам!..

    — Қаша жөнелсе?

    — Артқы бір аяғы жоқ қасқыр қашып береке жасамайды және қансырап та қалған болар.

    Дөңнің аржағынан ерменге қарай еңбектеген шалдың артынан ерген Жандос қорқып келеді: «қасқыр біреу болмай, көп болса, — деп ойлады ол, — жапа - тармағай бізді бас салса... онда қайтеміз біз?.. Оның қолындағы бар қару, — «мынаны сен ұста, балам!» деп атасы берген кездік. Қасқыр ұмтылса, онымен не бітіреді?..

    Еңбектеген шал ерменнің қалыңына кеп кірді. Ермен биік екен, түрегеп жүрсе де Жандостың бойынан асатын. Сол қалыңға кіре баланың үрейі ұша түсті. Әр ерменнің түбінен қасқыр түрегеп бас салатындай көрінді оған... Ал, шал дегенің, ештемеден қаймығар емес, ілгері қарай сұғынып, өршелене жылжи түседі...

    Бір кезде шал тоқтай қалды да, балаға ишара жасап, «деміңді шығарма!.. Жақындадық...» дегенді аңғартты. Баланың жүрегі аттай тулап кетті. Шал шоқпарын оңтайлап алды да, ілгері жылжыды. Бала сол арада шоқиып отырып қалды... «Жүр!» деген ым көрсетті шал балаға, ұзаңқырай беріп. Жандос шалға амалсыз жақындай бергенде, құлағына ыңырсыған бір дыбыс шалына қалды. Баланың жүрегі тулай түсті.

    Сол кезде шал жалмажан түрегелді де, әлденеге ақырып қап шоқпарды сілтеп кеп жіберді. Қорқыныштан көзі бұлдырап кеткен бала, секундтік мезгілде есін жинаса, алды ұмар -жұмар арпалыс болып қалған екен, қасқырдың басы шалдың төсіне өрлеп бара жатыр, бірақ шал, оның арандай ашқан аузын денесіне дарытпай, жұтқыншақ түбінен қапсыра ұстап қапты.

    Айқас бір сәтке ғана созылды. Қасқырдың бар денесі сүйеген жалғыз артқы аяғын шал орай шалды да, жерге шалқасынан алып соқты. Жанталасқан қасқыр үстіне қонып қалған шалды алдыңғы екі аяғымен итермелеп, артқы жалғыз аяғымен тырналап жатыр!.. Жауыздың алдыңғы аяқтары мұндай қарулы болар ма, — шалдың денесін олай да бұлай да серпіп жіберді!..

    — Жандос! — деді шал бір кезде ышқына дауыстап, — неғып тұрсың?.. Қолым қарысып қалды!.. Сал пышақты қасқырдың ішіне!.. Әйтпесе, кеңірдегінен айрылам!..

    Таянып келгенмен пышақты сала қоюға дәті шыдамаған балаға, қасқырмен арпалысып жатқан шал:

    — Қасқырға жегізейін деп пе ең, мені? — деп ақырды.

    Шалдың шын қысылғанын бала енді ға
  • Dias Avelbekovhar citeretfor 5 år siden
    Балам, — дейді анда - санда Бектас қарт, — қой айтады екен, «көк соқтада бір тойдым, көбік қарда бір тойдым» деп. Жайшылықта қанша оттаса да қанағат қылмайтын мал ғой, бұл қой!.. Арман еткен көбік қары жауды олардың!.. Оттауын - ай, шіркіндердің құныға!.. Бүгін бір елі май алар өздері...

    Олар кейін оралғанда, өгізге мінген шалдан, жаяу Жандос қақпанға жүгіріп бұрын жетті де, жалт бере кейін қашты.

    — О не?— деді шал, өгізін тебіне балаға ұмтылып.

    Қашып кеп өгізге тығылған бала ентіккен үнмен «қасқыр!» деген сөзді әрең айтты.

    — Қайда?

    — Анда! — деді бала алқынып, өлімтік жатқан тұсты қолымен нұсқап.

    — Қақпанда ма?

    Оншасын аңғара алмаған бала «білмеймін» деп басын шайқады. Көзі алысты айқын шалғанмен, жақынға бұлдырай бастаған шал, неде болса барып көрмек боп, өгізін тебіне ілгері ұмтылды. Мүмкіндігі бар қауіпке даярланып, қарына бүлдіргесінен ілген қысқа шоқпарын қолына көтеріп алды. Бала шын - ақ қорқып қалған екен, атасының үзеңгісіне жармаса аяңдайды да, бөлініп кетпейді.

    Өлімтік қасында қарайып жатқан қасқырды шалдың көзі анадайдан абайлады. Қасқыр қимылсыз. Сонысына қарағанда, у жеп өлген болу керек. Бала оны әлі де тіріге санағандай үзеңгіге тығыла түседі...

    Қасқыр расында өліп қапты. Шалдың айтуынша — бала қасқыр!.. Өлімтік маңайы опыр -топыр із!.. Қақпан жабылып қапты... Оның маңы қарға жентектелген қан!.. Өгізден түскен шал мен бала екеуі қақпанға жақын кеп үңілсе, қанауызға қысылып, қасқырдың бір сирағы қалып қойыпты!.. Шал соның бәрін көріп кесімді сөзін айтты:

    — Біреуі артқы оң жақ санынан қақпанға түскен екен де, өз аяғын өзі шайнап үзіп құтылып кеткен екен.

    У жеп өлген қасқырға бойы үйренген Жандос, оны аяғымен теуіп көрді.

    — Дұрыс, балам, дұрыс! — деді шал, — үйрет бойыңды. Тірісіне жолыққанда қорықпайтын бол. Малдың жауы, бұл қасқыр деген. Ауылда тұрсаң, онымен әлі талай арпалысасың.

    Шалдың жобасынша, у жеп өлген қасқыр бұл ғана емес. Ізін қараса, өлімтікке келгендер саны жетеу
  • Асем Туралинаhar citeretfor 5 år siden
    «Ылай суға май бітпес қой өткенге,

    Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге!

    Сол қасқырша алақтап түк таппадым

    Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе?»
  • Асем Туралинаhar citeretfor 5 år siden
    фашистердің залалы таудай десек, қасқырдың залалы төмпешіктей ғана емес пе?..
  • Асем Туралинаhar citeretfor 5 år siden
    Адамды аң жеңіп көрген емес, — деді Жандос, — қатерлі екені рас, бірақ, адам жеңеді оны!..
  • Асемгул Сейлханhar citeretfor 5 år siden
    «Ылай суға май бітпес қой өткенге,

    Күлеміз қасқыр жалап дәметкенге!

    Сол қасқырша алақтап түк таппадым
fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)