bookmate game
kk
Gratis
Мұхтар Әуезов

Білекке білек

18 trykte sider
Har du allerede læst den? Hvad synes du om den?
👍👎

Vurderinger

  • Bekzat Bekbolathar delt en vurderingfor 3 år siden

    "Білекке білек" деген Әуезовтің кейінгі жылдары есеп үшін жазған ортанқол әңгімесі. Өйткені отызыншы жылдары тергеуге тартылып абақтыға жабылған соң баяғы сарында шығарма жаза алмай қалған еді. Осылай колхоз өмірін суреттеген әңгімелер жаза бастаған солай. Ұмытпасам осындай әңгімелердің бірі де осы Білекке білек. Тағы бір қарап шығу керек екен. Мұнда назар аударарлық нәрсе Несібелі апаның кезінде өздері "рисала" дейтін діни кітаптарды оқығаны. Соны енді Жақып деген баласы кекеткендей қалжыңдап ішінен бірдеңелер оқып тұрады. Осыдан біз кезінде қазақтардың бұрында діні берік болғанын жорамалдай аламыз. Одан кейін қызық келгені, кейіпкерлердің "қаяқта, болат, келет" деген сықылды кейбір өңірге тән сөйленіспен сөйлеуі болды. Әсіресе "жүдә" деген сөзді тым көп қолданады. Оңтүстіктен бе деп ойлап отырғаным сол еді, аудан орталығы Ванновка дегенді оқығасын сөзсіз оңтүстік деп байлам жасадым. Себебі біздің Түлкібас ауданының орталығын әлі күнге Ванновка дейміз. Қазіргі атауы Тұрар Рысқұлов қой әйтпесе.

  • نادية مسلمhar delt en vurderingfor 8 år siden
    👍Værd at læse

Citater

  • Bekzat Bekbolathar citeretfor 3 år siden
    Туйашылық қылған кіші бу рисәланы білмәсә, оқытып ешіт мөсә, ия өзі тутмаса, туйашылықтөн hop не тапған малы доңғузуның күшидән һарамдур. Хиямәт куни көрден тұрса юзи қара болғай!" К
  • Bekzat Bekbolathar citeretfor 3 år siden
    Рауайыйлар андағ рауаят қылурлар, кім һазірет адаммен Мұһаммад Мұстафа саллу аллаһ ғалииһи уа сәлләмғаша мың иеті юз пір кәміл каһир бісто, мииан бістә уа саһиб шукур өтіпләр. Анден төрт пip туйашылық қылып дурлар..." — деп аяғын соза оқып кеп: — Па, шіркін, түйе бақ деп жатқанын көрмейсің бе! - деп, екі-үш қағазды аударып жіберіп: "Шөкіргәндә ия алла, ия раһман димөк кирөк!". Сенің әлі көп түйелі боп жүргенің осының айтқанын қығаннан да! — деп, шешесіне қарап күліп қойды. Несібелді әлі іргесін бермейді. Ол томсарып қана тыңдап отыр.

    Рауаилер солай риуайат қылады ки әзіреті адам мен Мұхаммед Мұстафа с.а.у. мың жеті жүз пір ..

  • Bekzat Bekbolathar citeretfor 3 år siden
    Ескі хатпен, қауырсын қаламмен жазылған, көп жері қара сиялы, кейде қызыл жолдар кездесетін, кішкене шимай беттер не дейді?..

    — "Қойны баққанда — ия мәләк десун, қайтарғанда — ия еттар десун... Кииз басарда -ия Ғазиз десун, уин сыбарда — ия Ғафур, ия шукур десун; суға тогутурда — ия самиғт десун; қойға тұз бергәндә — ия һаннан, ия маннан десун... — Жақып жөткіріп ап кекеткен үнмен:

    — Мө-ә! — деді.

    Бұл кішкене кітапты оқи бастағаннан-ақ кемпір мен шал:

    — Ырсала — ырсала ... екен ғой, — десті.

    Алланың есімдері ғой

fb2epub
Træk og slip dine filer (ikke mere end 5 ad gangen)